Павлодарда «Атамекенде» бірыңғай есеп беру күні өтеді

Павлодарда «Атамекенде» бірыңғай есеп беру күні өтеді

Шара 28 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылады.

- Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік қадағалау, бақылау және Қазақстан заңнамасының бұзушылық профилактикасы нәтижесіін талқылау мақсатында ұйымдастырылып жатыр, - дейді "Атамекен" ӨКП Павлодар облысының директоры Ерқанат Әбенов.

Іс-шара Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожиновтың қатысуымен жүргізіледі деп жоспарлануда.​ Есеп беру 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де болады деп күтілуде.

Шараға қатысу үшін 8​ 700​ 294 63 85, 66 03 11 (ішкі:  5518) телефон арқылы хабарласуға болады.