28 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады
Күндіз сынап бағаны +20°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы 0...+5°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде 3°C-қа дейін үсік жүреді. Солтүстік және батыс бөліктерінде тұман болады. Күндіз +15...+20°C. Жауын-шашын болмайды.
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді деп болжануда.
Павлодар қаласында түнде +1...+3°C. Күндіз +18...+20°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.