Павлодарда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға құжаттарды қалай тапсыра алады?
Өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 1 қаңтардаң бастап атаулы әлеуметтік көмекті 1 тоқсанға тағайындауға құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.
– Өңір бойынша кедейлік шегінің мөлшері 1 тоқсанда 36339 теңгені құрайды, күнкөріс шегінің ең төмен деңгейі 2024 жылдың 4 тоқсанында 49485 теңгені құрады, медианалық табыс 103827 теңгені құрады, – делінген басқармада.
АӘК алуға үміткер адамдар (отбасылар) тұрғылықты жері бойынша карьерлік орталықтарға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіне алады, сондай-ақ баламалы негізде ЭЦҚ болған кезде үйден шықпай-ақ «Электрондық үкімет порталы» (ЭҮП) арқылы өтінім бере алады.
Интернетке қолжетімділігі жоқ адамдар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтардың, облыстың қалалары мен аудандарының ауылдық округтерінің әкімдіктерінің жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың үшінші тоқсанның медианалық табысы 116 мың теңгені құраған болатын. Яғни, әлеуметтік атаулы көмекке үміткер болғысы келетін адамның жан басына шаққандағы табысы медианалық табыс мөлшерінің 35 пайызынан жоғары болмауы тиіс. Бұл өзгеріс АӘК алушылар санының өсуіне әкеледі деп болжаған. Ал төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша АӘК 3,4 мың отбасындағы 14,7 мың адамға тағайындалды.