Павлодарда аударылып қалған Camry 70 көлігінің жолаушысы ауруханаға түсті
Көліктің жүргізушісі мас болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамыр күні сағат 05:20-да Айманов - Олжабай батыр көшелерінің қиылысында Toyota Camry 70 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне соғылып, аударылып кеткен.
– Оқиға салдарынан жарақат алған 26 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Көлік айып тұрағына қойылды. Сараптама нәтижесінде жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған, – деді департаментте.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды.
Полицейлер ағымдағы жылдың басынан бері облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғалары бойынша 82 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Айта кетейік, ағымдағы жылы павлодарлық полиция қызметкерлері көлік жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізген 459 оқиғасының жолын кескен.