Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара 6 қыркүйек күні сағат 09:00-де Торговая көшесі, 2А мекенжайында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде Ақтоғай, Железин, Павлодар, Щарбақты аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Сонымен қатар, сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласында («Народный» сауда үйі алаңы), Ақсу қаласында («Saryarqa» фермерлік базары), сондай-ақ облыстың 10 ауданында өткізіледі.