Павлодарда жәрмеңкеде жұмыртқаны жергілікті құс фабрикалары ұсынады
Дәстүрлі жәрмеңке 7 қазанда да жалғасын табады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңке Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына негізінде ұйымдастырылуда.
- Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қ. тауар өндірушілері қатысады. Ал тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары “Павлодар Құс” ЖШС, “Шарбақты Құс” ЖШС қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, күнделікті негізінде фермерлер нарығында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.
Сенбі күндері мұндай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.
Фермерлер базары сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетелік, 7 қазан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) өтеді.