Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 36 мың дана жұмыртқа жеткізіледі
Дәстүрлі шара сенбі күні Jailau базарында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңке Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылуда.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 4 наурыз күні Торговая көшесі, 2А мекен-жайындағы Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысындағы Jailau базарының аумағында өтеді.
- Жәрмеңкеге Успен, Железин, Шарбақты ауылдық аудандардың жәңе Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Шикі сүтпен Успен, Железин және Шарбақты аудандарының сүт тасымалдаушыларынан қамтамасыз етеді. Ал тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары "Павлодар Құс" ЖШС, "Шарбақты Құс" ЖШС 36 мың данадан сатылымға шығарады, - делінген хабарламада.
Картоп пен көкөністер Железин аудандарының тауар өндірушілерінің көше қатарларында сондай-ақ Ақтоғай ауданы фермерлер базарының ішінде сатылатын болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:
жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг (қазы -2500 теңге/кг, жайа-2500 теңге/кг, төс еті-2300 теңге/кг, антрекот-2300 теңге/кг), сиыр еті-1900-2100 теңге/кг
(жұмсақ еті -2100 теңге/кг, антрек-1900 теңге/кг, қабырға-1700 теңге/кг, төс еті-1900 теңге/кг),
қой еті-1900-2100 теңге/кг
(алдыңғы бөлігі-1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг),
шикі сүт – литріне 190 теңге,
1 санаттағы жұмыртқа -410-450 теңге/оннан бастап,
бал – 2000 теңге/кг,
тазартылмаған күнбағыс майы -700-780 теңге/л,
жоғары сұрыпты ұн - 200 теңге/кг,
қырыққабат - 125теңге/кг.
Картоп - 95 теңге/кг