Павлодар облысында осы аптада үш градусқа дейін аяз болады
Бірнеше күн үсік жүреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 18 қыркүйекте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, облыстың оңтүстігі мен шығысында -3 градусқа дейін суық болады. Ал күндіз +13...+18°С-қа дейін жылынады.
19 қыркүйекте жауын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +1...+6°С, облыстың оңтүстігінде -2 градус үсік жүреді. Күндіз +15...+20 °С жылы болады.
20 қыркүйекте күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С-ты, ал күндіз +16...+21°С-ты көрсетеді.
21 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, батысында және шығысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, облыстың оңтүстігінде +14°С, ал күндіз +14...+19°С жылы болады.
Сенбі мен жексенбі күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +6...+11°С, күндіз +16...+21°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді.