Павлодар медицинасында жаңа кадрлар: екі аудандық аурухананың басшысы ауысты

Павлодар медицинасында жаңа кадрлар: екі аудандық аурухананың басшысы ауысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков наурыз айынан бері атқарған қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Басқарманың баспасөз қызметі мәлімдегендей, қызметтен кетер алдында Иран Маратұлы медицина қызметкерлері мен басқарма қызметкерлеріне бірлескен жұмыстары үшін алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті. Өз кезегінде әріптестері оған ризашылықтарын білдіріп, одан әрі кәсіби қызметіне табыс тіледі.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышева бос лауазымдарға тағайындалған жаңа бас дәрігерлерді таныстырды.

Тереңкөл аудандық ауруханасын бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасының МСАК және емдеу жұмыстары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы қызметін атқарған Эльмира Боранбаева басқарды.

Ертіс аудандық ауруханасының басшылығына бұған дейін Успен аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарған Сұлтан Рүстемханов тағайындалды.