Павлодарда азаматтарды көшпелі қабылдау өтеді
Барлық басқарма басшылары тұрғындарды толғандыратын мәселелерін тыңдап, кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, 18 шілдеде сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Н.Назарбаев даңғылы, 190 мекенжайында орналасқан №24 жалпы орта білім беру мектебінде азаматтарды көшпелі қабылдау ұйымдастырылады. Оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.