Павлодарда азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаздың әкесі үндеу жолдады (ВИДЕО)

Павлодарда азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаздың әкесі үндеу жолдады (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Досжан  Перімқұловтың ұлы  Нұржан Бейбітбаев  әскер сапына  Астана қаласынан  шақыртылған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өткен жылдың маусым айынан бастап  Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінде азаматтық борышын өткеруде. 

Жалғыз ұлын Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына аттандырған  сарбаздың әкесі  тик-ток парақшасында ата-аналарға  үндеу жолдады. 

– Менің ұлым үш қыздың арасында жастайынан ерке болып өсті. Қазіргі уақытта әскердегі баламмен сөйлескенде ұлымның балалығын тыйып, әскери ортада ширығып, ер азаматқа тән болмысқа ие болғандығын аңғардым. Сондай-ақ  әскери бөлімде жауынгерлерге қолайлы жағдай жасалған. Сондықтан айтарым: балаларды ұстамаңдар, әскерге жіберіңіздер,  – дейді Досжан Перімқұлов.         

Досжан Перімқұл видеода өзі қызмет атқарған кешегі әскермен  бүгінгі әскерді салыстырады. Мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан баласымен жиі хат алмасатын азамат  әскери бөлімнің офицерлерімен де  тығыз байланыс орнатқан.  

Әскери  бөлімнің  әлеуетіне толық қанық  болған әлеуметтік  желі қолданушысы  кешегі мен бүгінгі  әскерді салыстырып, тұжырым жасайды.  Осылайша,  әскерде болған  оқиғаларын ой елегінен өткізген ол баласын әскерге жіберуге құлқы жоқ  ата-аналарға  алаңдаудың  еш негізі  жоқтығын айтады. 

@doszhan_12

♬ оригинальный звук - Досжан_тараз