Павлодар облысында инватаксиді қызметін алатын азаматтар тізімі ұлғаяды

Павлодар облысында инватаксиді қызметін алатын азаматтар тізімі ұлғаяды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

@Pavlodarnews.kz тілшісі инватаксиді кім және қай кезде пайдалана алатынын біліп көрді.

Бұған дейін инватакси қызметі тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар адамдарға ғана қолжетімді болса, 1 наурыздан бастап психикалық аурулары бар павлодарлықтар да инватаксиді пайдалана алады.

Қалалық әлеуметтік қорғау бөлімінде бұл мәселені талқылау үшін «Алтын бата» қоғамдық қорының басшысы Евгения Стельвага және «Павлодар облыстық жергілікті соғыс мүгедектері Одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қожа Құсайынов жиналған болатын. Дәл осы ұйым ақыл-ой кемістігі бар павлодарлықтар үшін инватакси қызметін ұсынады.

Инватаксиді кім қолдана алады?

Егер бұрын инватакси кызметі тірек-кимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар адамдарға ғана колжетімді болса, 1 наурыздан бастап орташа немесе ауыр ақыл-ой кемістігі және мінез-құлықтың тұрақты бұзылуы бар павлодарлыктар да инватаксиді пайдалана алады.

Пациенттің инватаксиге кажеттілігі бар-жоғы туралы қорытындыны психиатр дәрігер жасайды және ДКК шешім қабылдайды.

Инватаксимен жұмыс жене оқу орындары, әкімдік және мәслихат, сот, прокуратура, заң консультациялары, нотариус, медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары, әуежай, теміржол және автовокзалдар, өзен порты, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар, массаж жене шаштараз, мәдени, спорттық және демалыс орталықтары, мешіт, шіркеу, сауда орталықтары, дүкендеріне (аптасына 1 реттен артық емес) баруға болады. 

Қызметті рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

  • өтініш (еркін нысанда)
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме)
  • «инватакси» қызметі ұсынылғаны жазылған психикалық денсаулық орталығынан 026/у нысаны бойынша дәрігерлік- консультациялық комиссияның қорытындысы (түпнұска және көшірме)
  • мүгедектік туралы анықтама (түпнұска және көшірме)

Өтініштер 25 ақпаннан бастап Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы 613 кабинет бойынша қабылдайды. Қызмет 2025 жылдың1 наурызынан 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.