Павлодарда бірқатар көшеде су уақытша өшіріледі
Жөндеу жұмыстарына жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 наурыз күні Майра көшесі, 23 мекенжайында ысырмаларды ауыстыру және жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Бекхожин көшесі, 17 мекенжайында өрт гидрантын ауыстыру жоспарланған.
Осыған байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша тоқтатылады:
- Майра көшесі, 1, 3, 4 (ТЖД), 15, 19, 21, 23, 23/1, 27 (№126 балабақша), 31, 33, 33/1, 35, 43, 43/9, 47, 47/1, 49;
- Ткачев көшесі, 3, 5, 5/1, 5/2 (№44 балабақша), 9, 9/1, 11, 13, 13/1, 15 (№42 ЖОББМ), 15/1 (№10 балабақша), 17, 17/1, 17/4, 17/5, 17А, 23, 23/1;
- Бекхожин көшесі, 1, 1/1, 3, 3/1, 3/2, 5, 5/1, 7, 9, 11, 11/1, 11/2, 11/4, 13, 13/5, 15, 15/1, 15/2, 17, 17/1;
- Генерал Бәкіров көшесі, 36/1 («Kids city»).
Коммуналдық қызмет өкілдері келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға алдын ала су жинап алуды ұсынды.