Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жаттықтырушы іздестірілуде

Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жаттықтырушы іздестірілуде
Фото: Vita іздеу ұйымы

Сергей Курятков биыл 15 мамырдан бері байланысқа шықпай қойған, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Vita еріктілерінің айтуынша, хабарсыз кеткен азамат бұрын жақсы жаттықтырушы болған. Қазіргі кезде үйсіз жүрген кезбелердің арасында жүруі мүмкін. 

Бойы - 160-170 см. Көздері қоңыр. Сол жақ аяғында айдаһардың суреті бар.

– Іздеушілер Сергей жүруі мүмкін аудандардың біріне бағдарларды жабыстырып шықты. Жергілікті тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып, жақын маңдағы дүкендер мен қоқыс полигондарын тексерді, – дейді еріктілер. 

Егер де Сергей Курятковтың орналасқан жерін білетін немесе басқа да маңызды ақпарат болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина),

+7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарлауды сұрайды.