Павлодарда кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні көлік қақты

Павлодарда кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні көлік қақты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 сәуірде Қамзин көшесіндегі 6-шы үйге қарама-қарсы аумақта «Hyundai Solaris» автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

 Автомашина мамандандырылған тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіледі.