Павлодар облысында маусымның алғашқы аптасында күн ысиды

Павлодар облысында маусымның алғашқы аптасында күн ысиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, кей жерлерде 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 3 маусымда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай  күркірейді. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +25...+30°С-ты көрсетеді. 

4 маусымда түнде облыстың көп бөлігінде жаңбыр жауды, күндіз найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі. 

5 маусымда да жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +25...+30°С-ты көрсетеді. 

6 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +25...+30°С болады. 

Сенбіде де жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +25...+30°С болады. 

Жексенбіде жауын-шашын болады деп болжануда. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +22...+27°С-қа дейін көтеріледі.