Павлодарда 85 жастағы қария жоғалып кетті

Павлодарда 85 жастағы қария жоғалып кетті
Фото: Vita іздеушілер жүйесі

Николай Ткаченко 12 тамызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Vita іздеушілер жүйесінің мәліметінше, қарияның туыстары өздігінен іздеу шараларын жүргізген, алайда нәтиже болмаған соң іздеуге Vita еріктілері қосылған. 

–  Зейнеткер жоғалып кеткен саяжай алқаптары мен ауруханалар тексерілуде. Қария есінен айырылған. Сұр шалбар, ақшыл түсті жейде, қара күртеше мен қара аяқ киім киген. Таяқпен ақырын жүреді, өзімен бірге сөмкесі болуы мүмкін, – дейді еріктілер. 

Қарияны көрген немесе оның қайда жүргені туралы білетін адамдар болса, 7 (747) 615 55 63 Катерина, +7 (777) 334 82 01 Светлана нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.