Екібастұзда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды

Салонда 24 адам болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ПАЗ жүргізушісі рульге ие бола алмай, арыққа түсіп кеткен.
Ол кәсіпорындардың бірінен жұмысшыларды тасымалдап жүрген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайғылы оқиға тіркелген жоқ, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.