Павлодарда бассейнде бала батып кете жаздады
Жедел жәрдем диспетчері қоңырау арқылы баланың өмірін құқтарып қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығында жеке меншік моншалардың бірінде жеті жасар бала бассейнге түсіп, суға бата бастады. Бала туыстарымен бірге демалған еді.
Ересектер судан баланы шығарып, бірден 103-ке қоңырау шалды. Жедел жәрдем 6 минуттан кейін жетті. Осы уақыт аралығында қызмет диспетчері баланың туыстарымен байланыста болып, алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірді.
– Басты қиындық баланың тыныс алмауында болды. Сол себепті диспетчер медициналық топ келгенше дейін туыстарымен байланыста болды. Диспетчер тыныс алуды қалпына келтіру үшін Геймлих техникасын қалай дұрыс жасау керектігін түсіндірді. Баланың жанында болған адамдар іс-қимыл алгоритмін дәл ұстанды, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая. –Мұндай жағдайларда бірнеше минут барлығын шеше алады.
Баланы дәрігерлерге тапсырған кезде, ол есін жиып, өзіне келген болатын. Содан кейін оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Облыстық жедел жәрдем станциясында «қоңырауды ұстау» әдісі 2019 жылы енгізілді. Үш жыл ішінде Павлодар 103 диспетчерлері оны 28 мыңға жуық рет пайдаланды. 2023 жылдың басынан бастап қызметте 10 мыңға жуық қоңырау шалу орындалды. Осы әдістің арқасында Павлодар облысында үй жағдайында босануға көмек етілді.