Павлодарда қалалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті

Павлодарда қалалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті
Фото: Білім бөлімі

Оқуға 80-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мәшһүр Жүсіп оқуларының қалалық кезеңі төрт бағыт бойынша өтті: «Алдым өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», «Бас болып өнер білсең, тіптіжақсы», «Білімді адам боламын! - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен», «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және Ұлы Даланың ұлы есімдері».

– Аталмыш оқуларға қаланың 34 мектебінен 80 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 25 қатысушы үшінші орын, 15 қатысушы екінші орын, бес оқушы бірінші орын алды, – дейді білім беру бөлімінде.

Оқулардың қорытындысы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Сана Жылқайдаров пен Б. Момышұлы атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Әйгерім Хасанова, № 33 мектептің 11-сынып оқушысы Дарья Оразбек, 10-сынып оқушысы Динара Қайыржанова№ 21 мектептің 8-сынып оқушысы Айзере Нұрланова жүзден жүйрік атанды.

Айта кету керек, қалалық байқаудың жеңімпаздары ақпан айында облыстық кезеңде сынға түсетін болады.