Павлодарда Жетекші ауылына жаңа мектеп автобусы берілді

Павлодарда Жетекші ауылына жаңа мектеп автобусы берілді
Фото: Павлодар қаласының әкімдігі

Оқушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін жаңа көлік сатып алынып, ауыл мектебіне табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәселе қала әкімі Хасар Хабылбековтың тұрғындармен кездесуінде көтеріліп, нәтижесінде көлікті сатып алу туралы тапсырма берілген болатын.

Бүгін жаңа автобустың кілттерін қала әкімінің орынбасары Қадиша Беготаева табыстады.

– Енді білімге апарар жол кез келген ауа райында жайлы, қауіпсіз әрі жылдам болады. Білімге бастар жол әрдайым жеңіл болсын, – деп атап өтті спикер.

Әкімдікте атап өткендей, Жетекші ауылында 1920 адам тұрады, ал жергілікті мектепте 580 оқушы білім алады. Жаңа автобус оқушыларды уақытылы әрі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беріп, білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді.