Павлодарда бес қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Павлодарда бес қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Өзгеріс ертеңнен басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, №6, 9, 16, 55, 57 автобус маршруттарының қозғалысына уақытша өзгерістер енгізілді. 

- 7-22 қыркүйек аралығында су құбырына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Қамзин көшесі бойынша Аймауытов–Салтыков-Щедрин көшелерінің шекараларында аталған автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілетін болады, - делінген хабарлмада.

Мұнда №6 автобус бағыты Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде Елгин көшесіне оңға бұрылады, содан кейін Аймауытов көшесіне солға, одан әрі Қамзин көшесіне және маршруттар бойынша оңға бұрылады. Сол сияқты кері бағытта. 

Ал № 9, 55, 57 автобус маршруттары солтүстіктен оңтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүріп бара жатқанда Аймауытов көшесімен солға бұрылып, кейін Елгин көшесіне оңға жүреді. Одан кейін Салтыков-Щедрин көшесіне оңға, содан кейін Қамзин көшесіне солға және одан әрі маршруттар бойынша жүреді. Сол сияқты кері бағытта. 

№ 16 автобус бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүріп бара жатқанда Аймауытов көшесімен солға бұрылады, содан кейін Елгин көшесіне оңға, одан кейін Салтыков-Щедрин көшесіне оңға бұрылады және одан әрі маршруттар бойынша. Сол сияқты кері бағытта.