Павлодарда бейнекамераға тіркелген бұзушылықтар үшін айыппұлдар қалай алынады?
14 қарашадан бастап құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйесі сынақ режимінде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осы күннен бастап қаладағы парктерде, скверлерде, жағалауда және адамдар көп жиналатын басқа да орындарда орнатылған барлық бейнекамералар іске қосылды қосылды.
Цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, «Қауіпсіз қала» жобасының сынақтық жұмыстары аясында камералар мен датчиктердің дәл реттелуі жүргізілді, олар көлік құралдарын және құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өлшеу жүйелері калибрленіп, радарлар, жылдамдық датчиктері және басқа да құралдар тексерілді және реттелді. Олардың көрсеткіштері талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сынақ кезеңінде жабдықтың жұмысын тексеру, деректерді өңдеу орталығымен байланыс орнату, ақпараттың дұрыс танып-білуі және берілуі тексеріліп жатыр.
Жоба аяғында қабылдау сынақтары өткізілетін болады, барлық кешеннің пайдалануға дайындық деңгейі тексеріледі.
Үш жылдық «Қауіпсіз қала» жобасы сервис моделі бойынша жүзеге асырылуда. Жабдықты жеткізуші оны сатып алып, орнатып, интеграциялады, ал 2027 жылдың соңына дейін оны күтіп-ұстаумен айналысатын болады.
– 14 қарашадан бастап бүгінге дейін бейнекамералар құқық бұзушылықтарды сынақ режимінде тіркеді, бірақ айыппұлдар жіберілмеді, – деп хабарлады мемлекеттік орган. – Айыппұлдар адам тек ЕРАП (Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі) жүйесіне тіркелгені туралы хабарлама алғаннан кейін ғана күшіне енеді. Құжат электрондық үкіметтің Egov порталында, банктік қосымшада, SMS хабарлама арқылы, ал егер адам осы қосымшаларды қолданбайтын болса поштамен келеді.
Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, адам ескерту алғаннан бері бір апта ішінде әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлей алады.
Еске сала кетейік, «Қауіпсіз қала» жобасы аясында Павлодарда 3 мың бейнекамера және үш қалада 420 ақылды «Мерген» кешені орнатылған. Тағы 20 камера республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың апатты учаскелеріне орналастырылды. Жоба толықтай қараша айының соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.