Павлодарда борышын өтеуге келген сарбаздар қызметтеріне кірісті
Сарбаздар оқу-жаттығудан кейін жауынгерлік қызметке кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
№6679 әскери бөліміне жаңадан қабылданған Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда облысының жас сарбаздары алғаш рет жауынгерлік қызметтеріне кірісті. Бір айлық оқу-жаттығуларынан өткен ұландар міндеттерімен танысты.
Ардагер Сабыр Қамиұлы жас сарбаздарға ізгі-тілегін білдіріп, алдағы жауынгерлік қызметтеріне сәттілік тіледі.
Жауынгерлік міндетін атқарып жүргендердің бірі – Әлжан Рахатұлы әскери борышын өтеуге еліміздің оңтүстік өңірінен келген.
– Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы мен парызы. Қатарластарым еліміздің тыныштығы үшін көз ілмей қызмет ететіне сенемін, – деді Әлжан Рахатұлы.
Айта кетейік, аталған бөлімдегі сарбаздар қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты Павлодар қаласындағы екі мекемені күзету жұмысын атқарады.
Фото: №6679 әскери бөлімі