Павлодарда борышкер сот арқылы төлемге қабілетсіз екенін дәлелдегісі келген

Павлодарда борышкер сот арқылы төлемге қабілетсіз екенін дәлелдегісі келген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық сотта 60 жастағы тұрғынның мәселесі қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

60 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны 2011-2022 жылдар аралығында екінші деңгейлі банктерден 3 миллион теңгеден астам тұтынушылық несие алған.

Өткен жылдың қараша айында ер адам өзінің мүгедектігіне байланысты жұмысқа орналаса алмайтындықтан, төлемге қабілетсіз екенін және кредиторларға берешектерін өтей алмайтынын уәждеумен, оған сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішімен сотқа жүгінді. Оның мүлкі және банк шоттарында ақшалай қаражаты жоқ.

Қаржы басқарушысының қорытындысы бойынша өтініш берушінің жылжымалы мүлкі – ВАЗ автокөлігінің, жәрдемақысының болуын, сондай-ақ несие бойынша төлемдерді қасақана тоқтатуды ескере отырып, ол төлемге қабілетсіз санатына жатпайды және банкроттық рәсімін қолдануға негіз жоқ.

Шағымдалған сот шешімімен өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды.

Апелляциялық шағымда өтініш беруші мен оның өкілі сот шешімінің күшін жойып, арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрады.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы арызданушының меншігінде жылжымайтын мүлік немесе жер учаскесі жоқ екенін, бірақ оның айтуынша, ол металл сынықтарына тапсырған көлік құралына меншік құқығы тіркелгенін анықтады. Алайда, ер адам сотқа растайтын құжаттарды ұсынбады (АПК 72-бабы).

2023 жылдың тамыз айында борышкер заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан, оның негізінде 350 000 теңге төлеуге міндеттелген, ол 10 ай ішінде 35 000 теңге көлемінде төлеген.

Заңда зейнеткерлерге, 1 және 2 топтағы мүгедектерге сот талқылауына дейін және сотта тегін заң көмегін көрсету қарастырылған кезде арызданушының заңгерлік қызметке ақы төлеу мүмкіндігі бар екенін сот назарға алды (АПК 112-бабы).

Банктердің мәліметтері бойынша, борышкерге төлемнің оңтайлы шарттары бойынша төлеуге мүмкіндіктер ұсынылған, бірақ ол шарттардың ешқайсысын қарастырмаған.

Борышкердің төлемге қабілетсіздігі сотта анықталған жоқ. Кредиторлар алдындағы берешектің болуы өтініш берушінің төлемге қабілетсіздігін объективті растау және жеке тұлғаны банкрот деп тану үшін сөзсіз негіз болып табылмайтынын атап өткен жөн.

Шешім өзгеріссіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.