Павлодарда жүрек жетіспеушілігімен туған сәби медавиациямен Астанаға жеткізілді
Баланың жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
16 желтоқсанда № 1 қалалық ауруханасының перзентханасында жүрек жетіспеушілігі диагнозымен ұл бала дүниеге келген. Туу кезінде тыныс алу бұзылыстары болғандықтан, сәбидің жағдайы ауыр деп бағаланған. Бірден барлық қажетті тексерулер - жүректің УДЗ, КТ жүргізілді.
Астаналық мамандардың кеңесі бойынша балаға Павлодар кардиоорталығы базасында Рашкинд процедурасы жүргізілді. Бұл емшараны Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-дан ренгенваскулярлық хирург маман жүргізді.
– 3 қаңтарда бала республикалық медициналық авиация желісі бойынша реаниматолог дәрігердің сүйемелдеуімен Астана қаласындағы «ҰҒКО»АҚ ауыстырылды,– деді № 1 қалалық аурухананың баспасөз қызметінде.
Жағдайы тұрақты ауыр. Бала тамырға салынған катетер арқылы (толық парентералды) тамақтануда.