Павлодарда білімді де білекті жігіттер сынға түседі

Павлодарда білімді де білекті жігіттер сынға түседі
Фото ашық дереккөзден

Облыста «Жігіт сұлтаны - 2023» байқауы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шаңырақ халық-шығармашылығы орталығының мәлімдеуінше, байқау 15 маусым күні өтеді.

- Егер өзіңді талантты да талапты, білекті де жүректі деп санасаң, жасың 18-30-да болса, мемлекеттік тілді жетік білсең кастингке қатысып, байқауда бақ сына, - дейді ұйымдастырушылар.

Кастингте үміткерлер «Таныстыру», «Өнер көрсету», «Салт-дәстүр, тарих тақырыптарынан сұрақ-жауап», «24 келілік кір тасын көтеру» секілді 4 түрлі кезеңде бақ сынайды. Кастингте үздік шыққан 12 үміткер финалдық кезеңге жолдама алады.

Байқаудың бас жүлдегері «Жігіт сұлтаны» атағына ие болады және 300 000 теңге сыйақымен марапатталады.

Байқау 15 маусым күні сағат 11:00-де «Шаңырақ» орталығында өтеді.

Өтінімдерді 10-маусымға дейін 8 771 355 95 88 телефон нөмірі арқылы (Тек қана WhatsApp) жолдау керек.