Павлодарда бір жарым мың абонент жарықсыз қалды
Олар басқа элект қуат көзіне қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде үш фидер ажыратылған, оның бірі Павлодарда "Восточная городская" қосалқы станциясында, зақымдалған учаскені анықтауда. Ол үшін екі жөндеу бригадасы мен жоғары вольтты зертхана тартылды.
"10 маусым күні таңертең Екінші Павлодар шағын ауданы жеке секторының барлық тұтынушылары қайта қосылды. "ПРЭК" АҚ жөндеу бригадалары Жібек жолы көшесінің бойындағы заңды тұлғаларды электрмен жабдықтауға қосумен айналысады", - делінген компания хабарламасында.
Бір тәулік ішінде қатты желдің салдарынан облыста 18 апаттық үзіліс орын алған. Оның ішінде 110 кВ желіде тіркелген бесеуі жойылды. Тағы 13 ажырату кернеуі 10 кВ желіде болды, оның төртеуі - Павлодарда. Зақымдануды қалпына келтіруге сегіз бригада қатысты.
Фото: @aopavlodarenergo