Павлодарлықтар коммуналдық сұрақтарға тікелей эфирде жауап алады

Павлодарлықтар коммуналдық сұрақтарға тікелей эфирде жауап алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің мәліметінше, тұрғындар үшін коммуналдық саладағы проблемалық мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау 3 ақпан күні сағат 15:00 – 16:00 аралығында өтеді. 

Трансляция сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=61585888336866

Қабылдауға Павлодар облысының тұрғындары және басқа да мүдделі тұлғалар қатыса алады. Іс-шара барысында қатысушылар коммуналдық қызметтерді алу мәселелері бойынша сұрақтар қойып, тұтынушы ретінде өз құқықтары және туындайтын мәселелерді шешу жолдары жөнінде түсініктеме ала алады.

Сұрақтарды Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде қоюға, сондай-ақ трансляция кезінде пікірлер арқылы қалдыруға болады. Барлық сауалдарға міндетті түрде жауап беріледі.

Ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 (7182) 61-59-88.