Павлодарда бірнеше үй мен нысан сусыз қалды

Павлодарда бірнеше үй мен нысан сусыз қалды
Фото: Константин Шелков

Оған құбырдың тесілуі себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар Водоканал» ЖШС-ның мәліметінше, Исиналиев көшесі, 6 мекенжайында апат орын алды. Осыған байланысты Естай көшесі, 28,30,31,33, Астана көшесі 156, Исиналиев көшесі, 1, 1А, 2, 6/9, 29,  Қараша көшесі, 1, Бөкейхан көшесі, 202/6, 202/5 мекенжайларында су өшірілді. 

– Бұл учаске «Павлодар-Водоканал» ЖШС меншігінде емес, сол себепті «Толағай 2050» ЖШС қызмет көрсетеді, – деп жазылған хабарламада. 

Кәсіпорын жаңа құрылғы жеткізілгенше ескі муфтаны уақытша орнату арқылы тұрғын үйлерге су беруді қалпына келтірмек.