Павлодарда бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалады

Павлодарда бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Заслонов көшесі, 4 – «Интероптторг» ЖШС, 1-31-үйлер;
  • С. Нұрмағамбетов көшесі, 58/1 – «Витязь-запчасти», 84/4 – «Автохирургия», 78/4, 107 азық-түлік дүкендері, 40-86-үйлер.