Павлодарда «Даңқ аллеясына» 80 түп ағаш отырғызылды

Павлодарда «Даңқ аллеясына» 80 түп ағаш отырғызылды
Фото: ұйымдастырушылар ұсынды

Шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және ҚР Қарулы күштері күніне арналды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Торайғыров атындағы № 28 мектепте бастау алған акция игі дәстүрге айналды және Ұлы Жеңістің мерейтойлық жылының басты іс-шараларының бірі болды. 

2020 жылдан бастап «Майдан жолы»  іздеу жасағы  «Жерге бақ сыйла» қорымен бірге көктем және күз мезгілдерінде 2000-нан астам жас көшет отырғызған. 

–  Акция жастардың қоғам қайраткерлерімен және ардагерлермен бейресми қарым-қатынас жасауы үшін тамаша мүмкіндік қана емес, сонымен қатар, Павлодар өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға  септігін тигізді, – дейді ұйымдастырушылар.

Патриоттық эко-акцияны «Майдан жолы»  іздеу жасағы,  «Жерге бақ сыйла» қоры, Торайғыров атындағы № 28 мектеп ұйымдастырған іс-шараға «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Павлодар филиалының төрағасы – Жан Қаратаев, «Қазақстан Республикасының Чернобыль Одағы» ЗТА төрағасы Виктор Деймунд, әскери-теңіз флоты ардагерлер бірлестігі төрағасының орынбасары Арнұр Байкулов, Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы, подполковник полиция Ирина Темиргалиева, № 28 ЖОББМ директоры Болат Айгожин,  «Жерге бақ сыйла» қорының басшысы Юрий Гашек, «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов атсалысты.

Қатысушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін 80 жас түп жапырақты және қылқан жапырақты ағаштарды отырғызуға №28 ЖОББМ, №26 ЖОББМ, №3 лицейінің оқушылары мен педагогтары, ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері, Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылының және балаларды қолдау өңірлік орталығының тәрбиеленушілері, ҚР Қарулы күштерінің, әскери-теңіз күштерінің, Чернобыль ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының славян және Беларусь өкілдері, «Майдан жолы» отрядының іздеушілері,  қоғам қайраткерлері өз үлестерін қосты.