Павлодарда студенттерге әскери-патриоттық клубтың туын табыстады
«Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубтары еліміздің барлық орта мектептерінде құрылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары, полковник Атабек Салихбаев бастаған 6679 әскери бөлімінің тәрбиеші-офицерлері Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттеріне «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубының туын табыс етті.
– Бүгінгі таңда колледж оқытушылары 6679 әскери бөлімінің қолбасшылығымен бірлесіп әскери-патриоттық клубтың қалыптасуына, сондай-ақ жастарды әскерге шақыру жасына дейін әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге елеулі үлес қосуда, – дейді баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубында Жас Отан қорғаушыларды саптық, атыс және дене шынықтыру даярлығына, сондай-ақ әскери-медициналық даярлықтың, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаудың негіздеріне оқытатын болады.