Павлодарда депутаттар отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты

Павлодарда депутаттар отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Институтты нығайтуға бағытталған орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен облыстық «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері «Отбасыны қолдау орталығына» барды. 

Орталықта отбасылық құндылықтарды насихаттау және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізіледі. Мұнда балалар аймағы, психолог кабинеті, әдістемелік және ақпараттық-ағартушылық бөлім, сондай-ақ кеңес беру және кешенді қолдау қызметтері көрсетіледі.

– Орталықтың жұмысын жоғары деңгейде деп бағалаймыз. Павлодарлық отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендігімізді жеткізгім келеді, – дейді «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің мүшесі, қалалық мәслихатының депутаты Елена Яровенко.

Орталық базасында құжат рәсімдеу, еңбек және тұрғын үй даулары бойынша заңгерлік кеңес, жеке және отбасылық жанжалдарды шешуге арналған психологиялық көмек, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпарат беру және жәрдемдесу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен отбасылық қатынасты нығайтуға арналған оқыту іс-шаралары қызметтері ұсынылады.