Павлодарда дүкендегі қызыл уылдырыққа қызыққан тұрғын камераға түсіп қалды
Ер адам бұрын істі болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда ұйымының өкілі дүкеннен бірнеше банка қызыл уылдырық жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
– Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты, – дейді департаментте.
Ер адамға келу туралы міндеттеме түріндегі процессуалды мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Департаментте мұндай жағдайлар супермаркеттерде жиі кездесетінін айтады. Бірақ дүкендерде орнатылған камералардың көмегімен барлық құқық бұзушылар анықталып, жауапқа тартылады.