Павлодарда дәстүрлі ерлер басым мамандықтарды таңдайтын қыздар көбейген
![Павлодарда дәстүрлі ерлер басым мамандықтарды таңдайтын қыздар көбейген](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202502/image_750x_67ac52e31bbce.jpg)
Түсті металлургия колледжінде 465 студент бар, оның елуі қыздар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, колледж 1968 жылы Алюминий зауытының базасында аймақтың металлургия өнеркәсібіне жұмысшы кадрларын даярлау мақсатында құрылған.
– Колледж жүйелі түрде жаңа білім беру жобаларын жүзеге асыруға арналған эксперименталды алаң болып табылады, – деді басқармада.
Норвегиялық білім беру моделі, дуалды оқыту жүйесі, құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламалар, несиелік-модульдік технология, «Жас маман», жаңа кәсіптер атласы», ERG for Colleges секілді ауқымды жобаларды атқарады.
55 жылдық тарихында оқу орны металлургия және басқа да салаларда сұранысқа ие 16 мыңнан астам маманды шығарды. Себебі колледж студенттерге тағылымдамадан өту, мансап бойынша кеңес беру, мансап жәрмеңкелері, қосымша курстар және жұмыс берушілермен ынтымақтастық арқылы көмектеседі.
Металлургия дәнекерлеуші және электрик мамандығы бойынша оқуға түсіп жатқан қыздар да аз емес. Бұл жоғары сұраныс, тұрақты жалақы, мансаптық өсу мүмкіндіктері және техникалық мамандықтарға қызығушылықпен байланысты.
Аталмыш мамандықтар қыздарды тәжірибеге бағытталған оқыту, заманауи технологиялар, тез арада сұранысқа ие мамандықты алу мүмкіндігі, тұрақты жұмыс және мансаптық өсу перспективалары тартады.