10 қаңтарда Павлодар облысында боран болады

10 қаңтарда Павлодар облысында боран болады
Фото: Константин Шелков

Облыстың батысында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 28-ге дейін жетеді.

Облыс бойынша температура түнде -18...-23, облыстың оңтүстігінде -15°C, күндіз 0...-5°C көрсетеді.  Қар жауады, облыстың батысында боран, көктайғақ күтіледі.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -20...-22, күндіз -2...-4°C көрсетеді.  

Күн бұлттанып, қар түрінде жауын-шашын жауады, боран болады.