Павлодарда екі күн қатарынан су беру уақытша тоқтатылады

Павлодарда екі күн қатарынан су беру уақытша тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түрлі техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қараша күні жеке тұлға Ак. Сәтбаев көшесі, 36 тұрғын үйдегі 3-подъезде су құбырын жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты, сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Ак. Сәтбаев көшесіндегі 34, 36, 38-үйлерінде су уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар, 26 қараша күні Ак. Шөкин көшесі, 100 мекенжайы бойынша жаңадан салынған су құбырын қосу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталған. 

Осыған байланысты, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда сумен қамту тоқтатылады: 

  • Роза Люксембург көшесі, 111, 113, 113/1;
  • Ак. Шөкин көшесі, 98, 100, 100/1, 100А;
  • Назарбаев даңғылы, 50, 50/1, 52; 
  • 32-ші орталық жылу пункті.

Компания тұрғындардан көрсетілген күндері қажетті мөлшерде су жинап алуды сұрайды.