Павлодарда Назарбаев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Павлодарда Назарбаев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол таңбаларын салу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 7 сәуір күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Н. Назарбаев даңғылының Ладожская көшесінен Каз. Правда көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.