Павлодарда екі көлік соқтығысты

Павлодарда екі көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол апатында екі адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда Сәтбаев көшесі бойында Toyota Camry маркалы көлігі Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқан. 

Жедел жәрдемге хабарлама кешкі сағат 20:33-те түсті. Медициналық бригада оқиға орнына тоғыз минутта жетті. 35 жастағы ер адам мен 21 жастағы жігіт №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Көліктер айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізуде.