28 қыркүйекте Павлодар облысында күн салқын болады

28 қыркүйекте Павлодар облысында күн салқын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +1...+6°C болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде -2°C-қа дейін күн суытады. Жауын-шашынсыз. Шығыс пен орталықта тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +11...+16°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +2...+4°C болады. Топырақ бетінде -1°C-қа дейін салқын түседі. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Күндіз +13...+15°C, құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.