Павлодарда екі шағын ауданда электр қуаты өшіріледі
Жарық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда да болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы "ПавлодарЭнерго" АҚ мәлімдеді.
- Ертең яғни 22 қыркүйек күні сағат 9:00-17:00 аралығында бірқатар нысандарда жоспарлы түрде электр қуаты сөндіріледі. Ол қатарда тұрғын үйлер мен дүкендер бар, - делінген хабарламада.
Уақытша жарықтан ажыратылатын мекенжайлар тізімі төменде:
- Майра көшесі, 3 (балалар көркемсурет студиясы);
- Майра көшесі, 15 ("Форнакс" дүкені, кеңсе,"Павильон" дүкені);
- Майра көшесі, 15/1 ("Айзада" дүкені);
- Ткачев көшесі, 3 (шаштараз салоны мен тұрғын үйлер);
- Майра көшесі, 1, 3, 15 тұрғын үйлер;
- Хромзовод және Лесозовод шағын аудандарындағы жеке үйлер.