Павлодарлық тоғыз сарбазға білім алуға грант берілді

Барлығы 140 әскерге шақырылушы қызметке аттанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Естай атындағы мәдениет үйінде «Шығыс» 6679-шы гвардиялық бөлімшеден 2024 жылғы мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздармен қоштасу рәсімі өтті.
«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Ел анасы» ұлттық титулының, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжамал Максилова жетекшілік ететін облыстық аналар кеңесі шашу шашып, сарбаздарды құттықтады.
– Осындай тамаша сарбаздарды, өз елінің нағыз азаматтарын тәрбиелеген ата-аналарға шын жүректен алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Бөлімше басшылығына әрбір жаңа толықтырумен бірге жасаған орасан жұмысы үшін үлкен рақмет! Әскери бауырластық енді сіздер үшін бос сөз емес деп есептейміз, – деді Бақытжамал Максилова.
Барлық қызметке аттанған сарбаздар көптеген құрылымдар мен ведомстволардың көптеген сертификаттарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың ішіндегі ең маңызды сыйлық – ТМД елдері мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қосымша білім алуға арналған тоғыз грант.
Биыл «Шығыс» бөлімшелеріне 98 грант берілсе, оның 34-ін Павлодарда қызмет ететін сарбаздар алған.