Павлодарда еліміздің жеті облысының ұстаздары бас қосты
Республикалық семинар аясында қатысушылар тәжірибе алмасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, шара «Тәрбие жұмысының және қосымша білім берудің, балалардың құқықтарын қорғаудың озық тәжірибесі, «Заманауи мектеп» мектептерді жаңарту жобасы» бойынша өткен.
М.Катаев атындағы оқушылар сарайында өткен шараға Абай, Жамбыл, Түркістан, Солтүсті-Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарының өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесінің пленарлық бөлімінде облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина өңірдегі білім беру саласының жалпы жағдайы туралы мәлімдеді. Семинар барысында оқушылар сарайының жанындағы "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.
- Семинар үш секция бойынша өткізілді. Мұнда "Тәрбие жұмысы бойынша үздік тәжірибе және қосымша білім беру", "Балалардың құқықтарын қорғау бойынша үздік тәжірибе" және "Заманауи мектебі" жобасы. Сонымен қатар, қатысушылар Павлодар қаласының № 7 ЖОББМ, Малайсары батыр атындағы ЖОББМ, Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебіне, Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі мен балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығына, Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинатында да экскурсия жүргізіліп, жұмыс бағыттыры мен жобалармен таныстырылды, - делінген хабарламада.
Шара соңында ресубликалық семинардың қорытындысы шығарылып, қатысушылар пікір алысу форматында атқарылған жұмыстардың негізгі міндеттерін талқылады.