Павлодарда елде болу ережесін бұзған ТМД-ның 26 азаматы елден шығарылды
Кеше өңірде "Мигрант" жедел алдын-алу іс-шарасы басталды. Осының аясында аталған ережені бұзған қырықтан астам азамат анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған іс-шараны өткізудің бірінші күні құқықтық тәртіп сақшылары 42 азаматты анықтады.
- Анықталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін ТМД-ның 26 шетелдік азаматы және Қазақстан Республикасының 16 азаматына қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды, - деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің орынбасары Гомар Шабиденов.
Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың бір фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша Қазақстан Республикасының 15 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер облыс аумағындағы "Мигрант" ЖАІШ 28 ақпанға дейін жалғасатынын және елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.