Павлодарда электр қуаты уақытша өшірілетін көшелер белгілі болды
Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қазанда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда жарық болмайды:
- Академик Шөкин көшесі, 24, 26;
- Академик Сәтбаев көшесі, 247, 254.
9:00-ден 17:00-ге дейін:
- Мойылды көшесі, 43/1;
- Дальневосточная көшесі, 44/2;
- Архангельская, Я. Геринг, Целинная және Заслонов көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлер;
- Черемуховая, Черничная, Малиновая, Клубничная, Царев, Мичурин, Зеленая, Вишневая, Алмазная, Степная, Лимонная, Рябиновая, Каштановая, Грушевая, Центральная-1, Лесопосадочная, Северная, Перевалочная және Кедровая көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер;
- Северная мен Цветочная көшелерінің аралығы;
- Сосновая, Баймұратов, Арғынбаев және Жасыбай көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлер;
- Байжанов, Жасыбай, Строителей тұйық көшесі және Ермаков көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлер;
- Лесозавод кентіндегі «Весна», «Сосновый бор», «Иртыш» бау-бақша қоғамдары;
- 3-ші өткел, Ермаков, Жылқыбаев, Хрустальная, Аймауытов, Новоселов, Суров, Әуезов, Гайдар, Сорокин, Ширяев, Ваккер және Ақжол көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер.