Павлодарда ерекше спортшылар арасында облыстық ашық чемпионат өтті
Облыста пара жүзуді кеңінен насихаттау көзделді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жүзу нұсқаушысы Гүлмира Айгужинова өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, 19 ақпан күні мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзуден облыстық ашық чемпионат өтті. Оған 10 мен 70 жас аралығындағы 60 жүзуші қатысты. Облыстың ашық біріншілігінде «Шымыр» бассейніне тірек қимыл аппараты, көру және есту қабілеті бұзылған қатысушылар жиналды. Олар алғаш рет 50 метр және 100 метр қашықтықта ақыл диагнозымен қатысты.
Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының командалары қатысты. Жарыстың мақсаты – Павлодар облысында пара жүзуді кеңінен насихаттау.