Павлодарда «Ертістің» қатысуымен шоу-матч өткізуге құлшынуда
Мұндай матч өткізу үшін қаражат қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс» футбол клубын жаңғырту процесі жүріп жатқан кезде бұл аты аңызға айналған команданың және жалпы нөмірі бірінші спорттың жақсы жарнамасы болар еді. «Ертіс» ардагерлері мұндай ойды қолдауда.
Жақында Ақтөбеде жергілікті команданың жұлдыздары «Ертіс» ардагерлерімен жолдастық матч өткізді. «Ертіс» үшін Ойрат Сәдуов, Талғат Байсуфинов, Давид Лория, Игорь Юрин, Рахман Асуханов, Файзулла Ордабаев, Виталий Спарышев, Руслан Гумар, Улықбек Бақаев ойнаса, «Ақтөбе» үшін Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Юрий Логвиненко, Петр Бадло, Андрей Сидельников, Эмиль Кенжесәриев, Ұлықбек Асанбаев, Мұрат Тілешев және Марат Хайруллин доп тепті.
- Көптен бері мұндай матчтарға қатыспағанбыз, біраз толқыдық, - деді «Ертіс» ардагерлерінің капитаны Ойрат Сәдуов. – Көрермен көп жиналды, жақсы командалар кездесті. Тартысты ойын көрсеттік: Рахман Асуханов аяғынан жарақаттанса, Қайрат Әшірбековтің қабырғасы сынды. Көріп тұрғаныңыздай, матч тартысты өтті.
Матчты «Ақтөбенің» «Территория красно-белых» жанкүйерлер тобы өзінің онжылдығына орай өткізді. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Голдарды Павел Шабалин, Ұлықбек Бақаев, Самат Смақов пен Қайрат Әшірбеков соқты.
Ойрат Сәдуов дәл осындай матчты Павлодарда да өткізуге болатынын айтты. Ол үшін демеуші қажет. Облыстық футбол федерациясы болса, барлық қолдау көрсетуге әзір.
Айта кетейік, 2023 жылдың мамырында облыс әкімі Асайын Байханов «Ертісті» жаңғыртудың оңтайлы жолын табуды бұйырды. Қазіргі кезде ФИФА-мен келіссөздер жүргізілуде.
Фото: «Ертіс» ФК