Павлодарда Ertis Promenade-да күздің жаңа аптасы көңілді өтеді

Павлодарда Ertis Promenade-да күздің жаңа аптасы көңілді өтеді
Фото: Ольга Бугаева

Жағалауда тұрғындарды спорттық жаттығулар, музыка, би кеші және кешкі кино көрсетілімі күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ertis Promenade-тың бас алаңында 7-13 қыркүйек аралығында түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады.

7 қыркүйек күні сағат 20:00-21:00 аралығында «Спортты Павлодар» жобасы аясында спорттық жаттығу өтеді.

10 қыркүйек күні сағат 20:00-21:00 аралығында «Белсенділік биі» маусымының жабылуы өтеді. 

Екі спорттық іс-шараны TOP STAR фитнес-клубы ұйымдастырады.

11 қыркүйек күні сағат 19:00-де Ертіс ауданының шығармашылық ұжымдары тұрғындарға концерттік бағдарлама ұсынады.

12 қыркүйек күні бірнеше шара жоспарланған. Сағат 09:00-10:00 аралығында «Спортты Павлодар» жобасы аясындағы түрлі форматтағы жаттығулар маусымының жабылуы өтеді.

Сол күні кешкі 19:00-де павлодарлық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Ал 20:30-22:00 аралығында тұрғындар үшін дискотека ұйымдастырылады.

13 қыркүйек күні сағат 18:00-де «Братья» кинофильмі көрсетіледі.