Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды

Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның жүргізуші куәлігі болған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Н. Назарбаев даңғылы бойымен келе жатқан Lexus ES-350 маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің көлік жүргізу тәсілі тәртіп сақшыларына күдік туғызды. 

– Әңгімелесу кезінде жүргізуші сұрақтарға нақты жауап бермей, өзін дұрыс ұстамады. Полицияның күдігі медициналық куәландыру нәтижелерін растады. Жүргізуші есірткіге мас болған,–  деді Павлодар қаласы полиция бөлімінің патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.

Сондай-ақ, жүргізуші 2023 жылдың қазан айында жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жыл басынан бері мас күйінде 1175 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.